ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1954 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы «Жаңа қала» ауылының тумасы. Ауылдағы сегіз жылдық мектепті бітірген соң, Қарағандыдағы «№2 мектеп интернатында оқыды. 1971-1976 жылдары Қарағанды политехникалық институтының инженер-құрылыс факултетінде оқып, инженер құрылыс технологы мамандығын алды. Содан бері Қарағанды қаласы мен облысының әртүрлі мекемелерінде құрылыс мамандығы бойынша, 46 жыл зейнетке шыққанша, соның ішінде кейінгі 12 жыл құрылыс сараптамашысы болып қызмет істеді. Жұбайы мектепте ұстаз болып істеген, қазір зейнеткер. Екі ұлы, бір қызы және алты немересі бар. 2014 жылы Алла нәсіп етіп, қасиетті Меккеге үлкен қажылық жасаған, "Әкбар қажы" атанып қайтты. Әкесі мен анасы үшін умра қажылығын жасады.