2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы наурызға дейін Павлодар және Қарағанды облыстарының Қаржас руының белсенді өкілдері Қаржас ескерткішін салу және Қаржас руының шежіресін жариялау мәселелері бойынша түрлі кездесулер мен талқылаулар өткізді.
Қарағанды облысы Қаржас руы өкілдерінің кездесуі (Қарағанды қ., 15.03.2022 ж.)
Павлодар және Қарағанды облыстарының Қаржас руы өкілдерінің кездесуі (Баянауыл к., 20.03.2022 ж.)
Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2022 жылғы ақпанда Баянауыл кентінде (Павлодар облысы) «ҚАРЖАС БАБА ҰРПАҚТАРЫ» қоғамдық қоры құрылды, қазіргі уақытта оның директоры Түсіпбаев Жағыпар Рымбайұлы болып табылады. Ал 2022 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласында (Қарағанды облысы) «ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» қоғамдық қоры құрылды, оның директоры болып Қазтаев Шаризат Қанатұлы тағайындалды. Екі Қоғамдық қор арасында Қаржас ескерткішін салу және Қаржас руының шежіресін жариялау бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
«ҚАРЖАС БАБА ҰРПАҚТАРЫ» қоғамдық қоры (Баянауыл кенті, Павлодар облысы)
«ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» қоғамдық қоры (Қарағанды қ., Қарағанды облысы)
«ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» ҚҚ негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтарына мәдени, адамгершілік және ағартушылық мақсаттарды дамытуға жәрдемдесу.
Осы мақсат аясында «ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» ҚҚ келесі қызмет салалары анықталды:
- Қазақстанның мәдени құндылықтарын сақтау, дамыту және дәріптеу;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы мәдени, кәсіптік және өзге де байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
- мәдени ғимараттарды (ескерткіштер, мемориалдық кешендер, мұражайлар және т. б.) салуда, жөндеуде және қалпына келтіруде халыққа көмек көрсету және ұйымдастыру;
- мұсылман мәдени ғимараттарын (мешіттер, медреселер және т. б.) салу, жөндеу және қалпына келтіру және оларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне беру;
- халықтың мұқтаж топтарына (көп балалы және аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға, балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға) қайырымдылық көмек көрсету және тарту;
- мақалалар, газеттер, журналдар, кітаптар, энциклопедиялар және т.б. жариялау;
- мәдени-бұқаралық іс-шараларды (мәдениет және тарих тақырыптары бойынша семинарлар мен конференциялар; мерейтойлар мен ұлттық мерекелер; акциялар; презентациялар; PR акциялар; конкурстар; жарыстар; көрмелер; форумдар; қайырымдылық акциялары және т.б.) өткізу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен отандық және шетелдік азаматтардан, кәсіпорындардан, фирмалардан, қорлардан, банктерден, мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдардан ақшалай қаражат, жылжымалы және жылжымайтын мүлік түрінде ерікті қайырмалдықтарды тарту.
Бүгінгі күні «ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» ҚҚ алдында үш негізгі міндет тұр:
1. Құрылыс – «ҚАРЖАС-БАБАЛАР ДАҢҚЫ» мемориалдық кешені.
2. Жарияланым – «ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» тарихи-биографиялық энциклопедия.
3. Мемориалдық кешеннің ашылуы және Энциклопедияны таныстыру бойынша салтанатты шара өткізу.