ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1959-2017 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы "Ақжар" ауылының тумасы. Мектепті бітіргеннен кейін кәсіптік-техникалық училищеге (қазіргі "Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі" КММ) "Тау-кен қазу машиналарының машинисі" мамандығына түсті. 1982-1984 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті. Қызмет аяқталғаннан кейін алған мамандығы бойынша "Қарағанды" шахтасына жұмысқа түсті, ал 1998 жылдан 2014 жылға дейін "Саран" шахтасында өндірістік жарақатына байланысты мүгедектік алғанға дейін жұмыс істеді.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- «Шахтер Даңқы» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі) төсбелгінің толық иегері;
- «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағы берілді (2012 ж).