ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1980 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Жансары» ауылының тумасы. 1997 жылы «Жансары» ауылының орта мектебін бітіріп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне (Қазіргі Ә.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті) оқуға түсті. Университетті бітіргеннен кейін ҚарГорМолЗаводтың өндірістік цехтарында реттеуші-оператор болып жұмыс істеді. 2003-2006 жылдар аралығында ҚарМТУ күндізгі аспирантурасында оқыды, оны аяқтағаннан кейін қазіргі уақытқа дейін Ә.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ә.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығының басшысы (Қарағанды қ.): https://www.kstu.kz/nauchno-tehnicheskij-tsentr-promyshlennyj-transport/. Отбасылық өмір жылдарында жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.
МАРАПАТТАР ЖӘНЕ АТАҚТАР:
- техника ғылымдарының кандидаты (2011 ж);
- «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» медалімен ҚР Білім және ғылым министрлігінен марапатталған (2018 ж);
- «Көлік, тау-кен және құрылыс машина жасау» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) (2019 ж).
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ:
2018-2020 жылдары ҚР БҒМ AP05132295-OT-20 «Әр-түрлі органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту және биогаз, органикалық-минералды тыңайтқыштар өндірісі үшін биомассаны араластырудың және циркуляциялаудың оңтайлы жүйесі бар тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыны әзірлеу» ҚР БҒМ Республикалық грантын іске асыруға қатысты (грант сомасы 23,9 млн. теңге; іске асыру мерзімі 2018-2020 жж).
2019 жылы Берлин техникалық университетінде (QS#179, Берлин қ., Германия) және Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтының (ТашИИТ, Ташкент қ., Өзбекстан) «Жол және жол шаруашылығы» ғылыми-зерттеу зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті.
2021 жылдан бастап «Торайғыров университеті» КеАҚ (Павлодар қ.) «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің тұрақты құрамына кіреді.
2022 жылдан бастап ҚР БҒМ AР14869550 «Теміржол платформаларымен тасымалданатын контейнерлерге астық жүгін тиеуге арналған стационарлық көтергіштің конструкциясын әзірлеу және зерттеу» Республикалық грантының ғылыми жетекшісі (грант сомасы 30 млн.теңге; іске асыру мерзімі 2022-2024 жж).
Еңбек қызметі барысында 100-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде: Clarivate Analytics (Q1 және Q2) және Scopus (процентилі 70-тен асатын) дерекқорына кіретін журналдарда - h-index (Хирша) индексі Web of Science базасында 2, Scopus базасында 4; халықаралық журналдарда және КОКСНВО ұсынған журналдарда 40-тан астам мақала; ҚР және РФ 20 патенті, Web of Science Clarivate Analytics компаниясының деректер базасына енгізілген 9 патент; 4 монография; ҚР БҒМ ұсынған 1 оқулық; РУМС ұсынған 3 оқу құралы; 5 оқу құралы; 3 электрондық оқулық және т.б.