ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1842-1929 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының тумасы. Балабай Тоқболатұлы өте діндар адам болған, өмір бойы намаз оқыған. 1919 жылы өз ауылында "Сары-адыр" жерінде С.Сейфуллинді жасырған (қазірі Бұқар Жырау ауданының "Красный Октябрь (Ақөре)" ауылының жанында). Сол туралы С.Сейфуллин былай деп жазды: "Қаржас тармақтарының бірі Бабас руынан Балабай ауылына бара жатырмын … Балабай ауылына үйір болып алдым. Өңкей бір момын, ақкөңіл, жадағай, жабайы адамдар … Балабай ауылының сенімді бір өз кісісіндей болдым.». 1929 жылы конфискациядан соң (200 жылқы, 12 түйе, 300 қой, 80 сиыр, 2 шөп шапқыш және 1 арба) оны отбасымен Бұқар Жырау ауданының "Құрама" ауылының маңайына күштеп көшірді, жұбайы Қазине Қасқабасқызымен бірге сол жерде жерленген.
ЕСТЕ ҚАЛУ:
- "Тар жол, тайғақ кешу" романының "Балабай ауылы" тарауында айтылған (авторы: С. Сейфуллин);
- "Сары-адыр" жеріндегі Балабай ауылы "Сәкен Сейфуллин" ғылыми-көркем өмірбаянында аталған (авторы: Т.Кәкішев).