ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1882-1985 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы "Красный Октябрь (Ақөре)" ауылының маңындағы "Сары-адыр" жерінің тумасы. Абдуррахман (Әбжік) Балабайұлы өте діндар адам болған және өмір бойы намаз оқыған. Ол өмірінде көп нәрсені бастан өткерді: конфискация (1929 жылы барлық мал мен мүлік алынып тасталды, сол жылы ата-анасы жерленді); аштық (екі әйелі қайтыс болды, балаларынан екі ұлы ғана тірі қалды); қуғын-сүргін (Алматы түрмесіне қамалды, ал соттан кейін Сібірдің түзеу-еңбек лагерлеріне қамауға алынды). Бірнеше жылдан кейін лагерьден қашып, 1931 жылы Қарағандыға жетіп, балаларды алып, Омбы маңында Қаржас тайпаларының арасында жасырынып жүрді. 1934 жылы ол бір қашқын қызды Балсара Өмірбайқызын (ру Қыпшақ, 1910-1996 жж) қуудан құтқарады, оның туыстары атылыпты және конфискацияланды, озін АЛЖИРге жіберді. Еңбек орындарына жіберілгендердің бірінен ол қашып кетті, Абдуррахман Балабайұлы қашқын қызды көрпемен жауып, бұл менің әйелім деп айтып, оны іздеген қызыл әскерилерге бермеді. Қашқынға үйленгеннен кейін олардың отбасылық өмірінің басталуы қиын кезеңге түсті: фашистермен соғыс, кейін соғыс жылдары, 11 баланың тек 5 ұлы ғана тірі қалды. 1953 жылы ақталғаннан кейін отбасымен бірге Қарағанды облысына, Бұқар Жырау ауданына, "Ақжар" ауылына қайтады. Туған жерінде де оңай болған жоқ, бірақ соған қарамастан ол бірнеше жыл бойы екі шешен отбасын аяғына тұрғызғанға дейін үйіне алып кетті. Өмірінің соңғы онжылдықтарында ол көптеген немерелерін тәрбиелеумен айналысты.
ЕСТЕ ҚАЛУ: "Тар жол, тайғақ кешу" романының "Балабай ауылы" тарауында айтылған (авторы: С. Сейфуллин).