ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1992 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы "Бабаева (Үміткер)" ауылының тумасы. 2009 жылы "Дарын" ШОД бітіріп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне (Қазіргі А.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті) оқуға түсті. 2013-2015 жылдар аралығында "6М090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2015-2018 жылдар аралығында "6d071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиясы" мамандығы бойынша докторантурада оқыды, оны аяқтағаннан кейін жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейді: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің аға оқытушысы (2018-2019 жж); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті (2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін). Отбасылық өмір жылдарында жұбайымен бірге бір бала тәрбиелеп отыр.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- Президенттік стипендия иегері (2011-2013 жж);
- Қарағанды облысы бойынша "Қайнар" сыйлығының лауреаты (2012 ж);
- "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша PhD докторы (2018 ж);
- "Жас ғалым" медалі (2020);
- қауымдастырылған профессор (2022).
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ:
2014 жылы Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университетінде (МАДИ, Мәскеу қ., Ресей) ғылыми тағылымдамадан өтті, ал 2016 жылы Словакия техникалық университетінде (Братислава қ., Словакия) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Еңбек қызметі барысында 50-ден астам ғылыми еңбектерін жариялады, оның ішінде: Clarivate Analytics және Scopus дерекқорына кіретін журналдарда-h-index индексі (Хирша) Web of Science 1 базасында, Scopus 4 базасында; КОКСНВО ұсынған журналдарда; ҚР 2 патенті; 8 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік авторлық құқық объектілері; 2 монография; 4 оқу құралы және т.б.