ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1975 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентінің тумасы. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Д.Е. Бекованың еңбек жолы: Қарағанды облысы Молодежный к. №23 ОМ мұғалімі; №23 ОМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; №23 ОМ директоры (2004-2007 жж); Осакаров ауданы "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Қарағанды қаласындағы "Академик Е.А. Бөкетов атындағы ОМ" мектебінің директоры (2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін). Отбасылық өмір жылдарында 2 қыз тәрбиелеп отыр.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж);
- «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2019 ж);
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2019 ж);
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі (2021 ж).