ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1991 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Дальнее (Жансары)» ауылының тумасы. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономика, бизнес және құқық» колледжінің «Құқықтану» мамандығын бітірген (2010 ж), сондай-ақ Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2013 ж) «Шет тілі» мамандығы бойынша және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (2016 ж) «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Тазалық» КМК заңгер болып бастады, 2013 жылдан бастап «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ маманы болып істеген. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Осакаров ауданы «Жансары» ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Салтанат» ШҚ басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.
МАРАПАТТАР ЖӘНЕ АТАҚТАР:
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша ғылым магистрі (2020 ж).