ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1911-1973 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы "Ворошиловский (Ботақара)" кентінің тумасы. 1941 жылы Ворошилов РВК Қызыл Армия қатарында әскери қызметке шақырылды. Ол өзінің жауынгерлік жолын Владивостокта қ. құрылған мергендер тобында бастады. Соғыс қимылдары кезінде ол жараланып, жеті күн траншеяда жатып, өкпесін суытып алды. Көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медалдармен марапатталады. Соғыстан 1945 жылы қараша айында аман-есен еліне оралған соң, денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, ауыл шаруашылығын көтеруге өз үлесін қосады. Жұбайы Қазиза екеуі алты баланы тәрбиелеп өсірді. Бүгін артында қалған ұрпақтары әртүрлі салада қызмет атқарып жүр.