ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1966 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы «Ақжар» ауылының тумасы. 1974-1983 жж – «Ақжар» ауылының ОМ оқыған. 1984-1985 жж – №2 Мектеп-интернатын бітірген (Қарағанды қ.). 1988-1989 жж – КСРО Қарулы Күштерінде борышын өтеген. 1991-1992 жж – Қарқаралы зооветеринарлық техникумын (қазіргі М. Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжін) бітірген. 1994-1997 жж – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін) бітірген. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Жалғас» шаруа қожалығының басшысы (Ақжар ауылы, Бұқар Жырау ауданы, Қарағанды облысы).
МАРАПАТТАР ЖӘНЕ АТАҚТАР:
- «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ – III ДӘРЕЖЕЛІ» төсбелгісімен (Төралқаның 2011 жылғы 5 қарашадағы №11 1-т. қаулысы);
- Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлығы);
- «АСТАНА 20 ЖЫЛ» мерейтойлық медалімен (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы бұйрығы);
- Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымға қосқан елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен (Бұқар жырау ауданының әкімінен, Ботақара кенті, 2018 жыл);
- «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 25 ЖЫЛ» мерейтойлық медалімен (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 тамыздағы бұйрығы);
- Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам құруға қосқан жеке еңбек және шығармашылық үлесі үшін Құрмет грамотасымен (Қарағанды облысы әкімінен).