ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1935 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Осакаров ауданы "Дальнее (Жансары)" ауылының тумасы. Алматы жоғары ревизорлар мектебін және Қарағанды кооператив институтын бітірген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін өмір бойы экономика саласында жұмыс істеді: ревизор; Қарағанды қаласы ревизорлар басқармасының бастығы. Отбасылық өмір жылдарында жұбайы Шарбан Айтпайқызымен бірге 5 бала тәрбиеледі – 4 ұл және 1 қыз. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында тұрады және көптеген немерелерін тәрбиелеумен айналысады.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- "Еркін" күресінен Қазақстан чемпионы (1955 ж);
- Воронеж қаласында өткен "Еркін" күрестен бүкілодақтық жарыстардың чемпионы (1955 ж);
- "Социалистік жарыстың жеңімпазы" төсбелгісі (1977 ж);
- "Кеңестік тұтыну кооперациясының үздігі" төсбелгісі (1986 ж);
- "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы" мерейтойлық медалі;
- "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы" мерейтойлық медалі;
- "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы" мерейтойлық медалі.