ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1915-2006 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Павлодар облысы "Баянауыл" кентінің тумасы. Өзінің еңбек қызметін Сағынов Әбілқас Сағынұлы 1931 моторист қызметінде «Прибалхашстрой» Өспен трест кенінде бастады. Келесі жылы ол Қарағанды тау-кен техникумына түсіп, қазақ студенттерімен біоге Артем атындағы Днепропетровск тау-кен институтына жіберіледі. Институтты бітірген соң 1948 жылға дейін Ә.С.Сағынов Қарағанды көмір бассейнінде учаске бастығы, бас инженер, шахта директоры, көмір трест техникалық бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. 1948-1951 жж. аралығында Қарағанды ауданының Госгортехнадзор Басқармасының басшысы, «Карагандауглеразрезы» трестінің бас инженері болып жұмыс істеді. 1951 жылы Ә.С. Сағынов Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу көмір институтының Қарағанды филиалының директоры болып тағайындалып, 1952 жылы оның басшылығымен Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтына өзгертілді. 1955 жылы Ә.С. Сағынов Қарағанды тау-кен институтының, 1958 жылы Политехникалық болып өзгертілген институттың директоры боды. Ректор қызметінде 33 жыл жұмыс істеп, сонымен қатар сол уақытта «Пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту» кафедрасын басқарды.
МАРАПАТТАР ЖӘНЕ АТАҚТАР:
- техника ғылымдарының докторы (1967 ж);
- профессор (1968 ж);
- Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі (1970 ж);
- "Ленин" ордені мен "Орақ пен Балға" алтын медалін тапсыра отырып, "Жоғары білім беруді дамытудағы және халық шаруашылығына білікті мамандар даярлаудағы зор еңбегі үшін" Социалистік Еңбек Ері (1971 ж);
- екі "Ленин" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту", "Октябрь революциясы", "Халықтар Достығы" ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған;
- ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974 ж);
- ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1987 ж);
- Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1993 ж);
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы және "Қазақстан Республикасының ғылым және техниканың құрметті қайраткері" медалі (1995 ж).
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: Сагинов А.С. көмір қабаттарын әзірлеу және оларды пайдалану технологиясын жетілдіру саласындағы маман болған. Оның басшылығымен Қарағанды көмір бассейнінде үш қабатты қуатты жұмсақ құлайтын қабатты игеру жүзеге асырылды:
- Көмір шахталарының технологиялық схемаларын талдау және оңтайландыру әдістері. Мәскеу, 1974;
- Қарағанды бассейнінің көмір қабаттарын игеру мәселелері. Алматы, 1976.
А.С. Сагинов ғылыми жетекшілігімен ғылыми басшылығымен 50 кандидаттық және 11 докторлық жұмыс қорғалды.
ЕСТЕ ҚАЛУ:
- Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
- жыл сайынғы Сағынов оқулары - «Ғылым, білім және ӛндіріс интеграциясы – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
- Қарағанды қаласындағы ескерткіш.