ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1947 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: Қарағанды қаласының тумасы, кеншілер отбасынан шыққан. ҚР Павлодар облысы Баянауыл ауданы "Шоман-көл" ауылына көшіп, Әнуарбек Садықұлы Садықовқа тұрмыска шықты. 1994 жылы Екібастұз ауданының "Солнечный" кентіне көшті. 1996 жылы "Ақниет"әжелер ансамблін құрып, оның жетекшісі болады, сондай-ақ, "Ана ұлағаты" клубының мүшесі ретінде тәрбие жұмысымен айналысады. Үш онжылдықта ансамбль 25-тен астам марапаттарға ие болды (дипломдар, грамоталар және алғыс хаттар). 2017 жылы Садықовтар отбасы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысып, отбасылық лауреат атанды. Отбасылық өмір жылдарында Клара Қабиқызы 12 бала туды - 6 ұл және 6 қыз. Қазіргі уақытта ол өзінің көптеген немерелері мен шөберелерін тәрбиелеумен айналысады.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- «Батыр ана (Мать-героиня)» ордені (1987 ж);
- «Алтын алқа» ордені (2003 ж).