ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1950-2020 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы "Солонички" станциясының тумасы. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1976 ж. филология факультеті, 1995 ж. заң факультеті) және өмір бойы білім беру саласында жұмыс істеді – жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі. 1997-2020 жылдары Бұқар-Жырау ауданы "Ростовка" ауылының мектеп директоры болды. Оның басшылығымен оқу орны 2000 жылы "Қазақстандағы ең үздік ауыл мектебі" деп танылды және 2004 жылы ең жақсы оқу орындарының бірі ретінде республикалық экспериментіне (12 жылдық білім беруді апробациялау және енгізу) қатысты.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- ҚР БҒМ және Қарағанды облысы ББ Құрмет грамоталары;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
- "Білім беру саласының үздік менеджері" республикалық байқауының лауреаты (2006 ж);
- "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2006 ж);
- "Білім беруді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты (2010 ж);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
- "Құрмет" ордені (2011 ж);
- "Еңбек ардагері" медалі (2016 ж);
- Бұқар-Жырау ауданының құрметті азаматы (2016 ж).