ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1914-1968 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: Баянауыл ауданы Павлодар облысының ҚР тұрғыны. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін апасы Жамиланы іздеп, Қарағандыға келіп, Тельман ауданы (Бұқар-Жырау) "Сергиополь (1 Май)" селосына орналасады. аулына орналасады. Білімін толықтыру үшін Ақмола (Астанаға) келіп, педагогикалық оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын оқып бітіреді. Оқу бітірісімен мектепке жұмысқа орналасады - бастауыш сынып оқытушысы қызметін атқарады. 1942 жылы майданға Қызыл Армия қатарына 1СП 99СД 5УД әскери бөліміне шақырылады. Ұлы Отан соғысында екі аяғынан жараланып мерт болған. Марапатталған парақшасында: "17.07.1943 жылы соғыста неміс басқыншыларына қарсы 3-ші болып тексеру бөлімін басқарды. Байланыста үзбей ерлік жасап отырды. Аяғының жараланғанына қарамастан келесі көмекші келгенше соғыс бөлімінде қызметін атқарды". Соғыстан кейін "Қымызқұдық" аулына Бұқар-Жырау ауданында жұмыс жасады. Сонымен қатар 10 бала әкелген Жұмабайқызы Дариғаға үйленеді. 1968 жылы соғыс кезінде алған жарақатының зардабынан қайтыс болады.
МАРАПАТТАР:
- «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі;
- «Ерлігі үшін» медалі;
- «Қызыл Жұлдыз» ордені;
- «Отан соғысы 2 дәрежелі» ордені.
ЕСТЕ ҚАЛУ: Қарағанды облыстық музей және Бұқар жырау ауданының музейінде суреті ілінген.