ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1976 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы "Үміткер" ауылының тумасы. 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетін бітіріп, инженер-физик біліктілігін алды, ал 2021 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Университетті бітіргеннен кейін өмір бойы білім беру саласында жұмыс істеді: "Үміткер" ауылындағы мектепте физика пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары; Бұқар жырау ауданының білім бөлімінде әдіскер және әдістемелік кабинет меңгерушісі; Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы; Қарағанды қаласы білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі; ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің бас сарапшысы; Қарағанды қаласының "№53 мектеп-лицей", "№101 мектеп-лицей", "А.Ермеков атындағы мектеп-лицей" КММ директоры (2013-2021 жж); Теміртау қаласының білім бөлімінің басшысы. Отбасылық өмір жылдарында жұбайы Катаева Ардақты Темірғалиқызымен бірге 3 ұл тәрбиелеп, 3 немересі бар.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- Қарағанды қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2017 ж);
- Қарағанды облыс әкімінің құрмет грамотасы (2018 ж);
- ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы (2019 ж);
- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі (2019 ж);
- жаратылыстану ғылымдарының магистрі (2021 ж);
- ҚР Президентінің алғыс хаты (2021 ж).
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ:
9-сыныпқа арналған "Авиамодельдеу" вариативтік курсының авторлық бағдарламасын әзірледі.