ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1967 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы «Төрткөл» ауылының тумасы. 1984 жылы – Әлия Молдағұлова атындағы олимпиада резервінің мектеп-интернатын бітірген (Қарағанды қ.). Бокстан КСРО чемпионатының жүлдегері. КСРО Бокстан спорт шебері. 1984-1986 жж – КСРО Қарулы Күштерінде борышын өтеген. Бокстан КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы. 1986-1990 жж – Қарағанды педагогикалық институтын (қазіргі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), «Дене тәрбиесі» факультетін бітірген. 1990-2000 жж – Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында бокс жаттықтырушысы болып жұмыс істеді (Қарағанды қ.). 1996-2000 жж – Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін, заң факультетін бітірген. 2000-2002 жж – №2 қалалық сотта (Қарағанды қ.) жұмыс істеді. 2002-2012 жж – Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-да жұмыс істеді. 2012 жылы ҚР ІІМ қызметкері ретінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шықты. 2014-2021 жж – «Қайрат» ұлттық және ат спорты түрлері БЖСМ КММ басқарды. «Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері федерациясы» ҚБ негізін қалаушылардың бірі. Меккеге 3 үлкен қажылық жасаған (оның екеуін әкесі мен анасы үшін жасады). 2022 жылғы сәуірден бастап – «ҚАРЖАС-ҰРПАҚТАРЫ» ҚҚ директоры (Қарағанды қ.).
МАРАПАТТАР ЖӘНЕ АТАҚТАР:
- КСРО (СССР) бокстан спорт шебері, бокстан КСРО (СССР) чемпионатының жүлдегері (1984 ж.), бокстан КСРО (СССР) Қарулы күштерінің чемпионы (1986 ж);
- үздік қызметі үшін «ҚАЙСАР» медалімен ҚР Ішкі істер министрлігінен марапатталды (2004 ж);
- үздік қызметі үшін «ҮЗДІК» медалімен ҚР Әділет министрлігінен марапатталды (2005 ж);
- үздік қызметі үшін «ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА 25 ЖЫЛ» мерейтойлық медалімен ҚР Ішкі істер министрлігінен марапатталды;
- «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері» құрметті атағы және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ» медалімен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен марапатталды (2021 ж).