ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1960 жылы туған.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы "Үміткер" ауылының тумасы. 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетін (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітіріп, биология және химия мұғалімі мамандығын алды. Университетті бітіргеннен кейін өмір бойы білім беру саласында жұмыс істеді: химия және биология мұғалімі; директордың оқу жұмыс жөніндегі орынбасары. Отбасылық өмір жылдарында жұбайы Сейтқазы Төрегелдиевпен бірге 4 ұл тәрбиелеп өсірді.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- аудандық және облыстық білім департаменттерінің, Түркістан облысы Мақтарал ауданы әкімінің, Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімшілігінің грамоталармен марапатталған;
- «Ы. Алтынсарин» төсбелгі (2021 ж).