ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ: 1935-2016 жж.
ӨМІРБАЯНЫ: ҚР Павлодар облысы Баянауыл ауданы "Ақши (Ленин колхозы)" ауылының тумасы. 1953 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1959 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) "Орыс және қазақ филологиясы" мамандығы бойынша бітіріп, 1964 жылға дейін Павлодар облысы Торт-Құдық кенішінің орта мектебінде орыс және қазақ сыныптарында сабақ берді. 1960 жылы Қазақстан мұғалімдерінің III съезіне делегат болып сайланып, " Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталды. 1964 жылы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Павлодар бөліміне қызметке шақырылды, мемлекеттік қауіпсіздік органдарында зейнеткерлікке шыққанға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: кіші қызметкер; бөлімше бастығы (1973 ж); бөлім бастығы (1975 ж); Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МҚК басқармасы бастығының орынбасары (1981 ж). Қызмет барысында ол Киев және Мәскеу қалаларда жоғары курстарда оқыды, және барлауға қарсы мамандығы бойынша арнайы білім алды.
МАРАПАТТАР МЕН АТАҚТАР:
- «Еңбектегі ерлігі үшін (За трудовую доблесть)» медалі (1960 ж);
- мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сіңірген еңбегі және мінсіз қызметі үшін КСРО 10 медальдарымен марапатталған;
- полковник.